Ресейде экс-президенттер енді өмір бойы сенатор бола алады

Сонымен бірге Путин бұрынғы мемлекет басшыларына заң бұзуға құқық беретін құжатқа қол қойды


23/12/2020
11:23 47923 0

Фото: Росссийская газета

 

Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы президенттерге өмір бойы сенатор болуға рұқсат беретін заңға қол қойды. 

 

Бұл құжатқа сәйкес өкілеті осы заң өз күшіне енгенге дейін біткен мемлекет басшысы кез келген уақытта сенатор бола алады. Ал президенттің өкілеті заң күшіне енгеннен кейін бітсе, оған сенатор болуға үш ай беріледі. 

 

Экс-президент сенатор болудан бас тарта алады. 

 

Сонымен бірге бұл заң мемлекет басшысына 30 сенатор тағайындау құқығын береді. Оның жетеуі өмір бойы сенатор болып қала алады, қалғаны Федерация кеңесінде (парламенттің жоғары палатасы не Сенат — ред.) алты жыл отырады. 

 

Одан бөлек Путин экс-президенттерге заң бұзуға құқық беретін құжатқа қол қойды. Оған сәйкес бұрынғы мемлекет басшыларын ұстауға, қамауға, қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартуға тыйым салынады. 

 

Қазақстанда осыған ұқсас заң бар. Тұңғыш президент — Елбасы туралы заңға сай Нұрсұлтан Назарбаевты ұстауға, жауапқа тартуға, оның және отбасының мүлігін тінтуге, тәркілеуге болмайды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

23/12/2020 11:23
47923 0

Уведомление